Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шы- ғармашылық қызметтен басқадай ақы төленетін кызметтер ат- қарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе бақылаушы кеңесінің күрамына кірумен сыйыспайды. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері өз міндет- терін орындауда тәуелсіз және тек Конституцияға, «Қазақстан Рес- публикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық Заңға бағынады. Олар үшін ешкандай баска актілердің алдын ала міндеттейтін күші жоқ. Олардың қызметіне кандай да бір араласу- ға, кандай да бір формада қысым жасауға немесе ықпал етуге жол берілмейді, ондай әрекет үшін завда жауапкершілік көзделген. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қатысты олардан есеп бе- руді талап етуге ешкім құқылы емес. Конституциялық Кеңестің қарауындағы мәселе бойынша қорытынды шешім шыққанға де- йін Конституциялық Кеңестің Төрағасынан және мүшелерінен отырыстан тыс уақытта ешкім еш нәрсе сүрауға және олар бүл мәселе бойынша өз пікірлерін айтуға не кеңес беруге қүкылы емес. Өкілеттік мерзімдері өткенге дейін Конституциялық Кеңес- тің мүшелері ауыстырылмайды. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңда көздел- ген жағдайлардан басқа реттерде олардың өкілеттігі токтамайды. Конституциялық Кеңес қарап жатқан мәселеге тікелей немесе жанама мүдделілігі оның әділдігіне күдік келтіретін болса, Конс- гитуциялық кеңестің Төрағасы немесе мүшесі өзінің бас тартаты- нын мәлімдеуге міндетті және оны Кеңес қанағаттандыруға тиіс. Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелері өз өкі- леттіктерінің мерзімі өтпейінше, қылмыс орнында немесе ауыр қылмыс жасаған кезде үсталғаннан басқа жағдайларда камауға алынуға, мәжбүрлеп әкелуге, сот тәртібінде берілетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Парламенттің келісімінсіз қыл- мыстық жауапқа тартылуға жатпайды. Конституциялық Кеңестің Төрағасына немесе мүшесіне ка- тысты қылмыстық істі алдын ала анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана козғай алады. Істі тергеу барысында заңдылықтың сакталуын республиканың Бкс прокуроры қадағалайды, ол Конституциялық 110
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==