Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

штаттардың да басқа нормативтік актілері де конституциялық қа- дағалауға алынады. Екіниіі топты лауазымды адамдар әрексттсрінің конститу- циялылығы мәселелері құрайды. Соттар конституциялық ба- қылау функцияларымен қоса басқа да міндеттерді орындайды: мемлекеттің жоғарғы органдарының қүзыреті туралы дауларды қарайды, федерацияларда - федерация мен оның субъектілері арасындағы құзыреттерді шектеу туралы дауларды қарайды, рес ­ публика президентін (кейде парламент депутаттарын) сайлаудың және референдум өткізудің дұрыстығын қадағалайды, президент- ке және үкімет мүшелерінс қарсы айтылған айыптауларды қарай- ды және т.б. Үшінші топқа жалпы соттардың конституциялық мәселелер бойынша шешімдерін қадағалау кіреді 15 . Конституциялық соттардың Жоғарғы Соттардан айырмашы- лығы, олар қылмыстык және азаматтық істерді қарамайды жә- не қаралатын мәселелерге кең түрғыдан қарау үшін олар аралас өкілдіктер негізінде күрылады. Ресей федерациясында конституциялық бақылау институты- ның калыптасуының айрықша тарихы бар. Ресей Федерациясында Конституциялық сот алғаш 1991 жылы қүрылды, содан соң, саяси процестерге араласа бастаған соң, Президенттің 21 қыркүйек 1993 жылғы Жарлығымен оның қызметі тоқгатылған болатын. Соңынан қүзыреті айқындалған соң, Ресей Федерациясының 1993 жылғы Конституциясына сәйкес Конституциялық Соттың қызметі «Ре ­ сей Федерациясының Конституциялық Соты туралы» Федералдық Конституциялық заңмен 1994 жылы қайта жанданды. Ресей Федерациясының Конституциялық соты өзінің құзы- рет аясына мемлекеттік биліктің жоғары органдары деңгейінде барлық заңнамалық және басқа нормативтік актілерді бақылауды және оның функционалдық-бақылау параметрлерін қамтиды, конституциялық бақылаудын элемдік стандарттарына жалпы жә- не толықтай сай келеді. Айта кету керек, Ресей Конституциясы нақты істерге, мысалы жеке және ұжымдық шағым бойынша іс- терге байланысты заңның конституциялылығын Конституциялық соттың тексеруін қарастырған. ___________________ t 15 Баишев Ж.Н. Судебная защита Конституции. - Алматы. 1994. С. 9-12. 106

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==