Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Конституциялық бақылаудың американдык, моделі жалпы сот төрелігінен бөлекше емес. Барлық соттар жүзеге асыратын конституциялык бақылау англосаксон құқығының Үлыбрита- ниядан басқа елдерде - АҚШ-та, Аустралияда, Аргентинада, Бразилияда, Малайзияда, Мексикада, Канадада, Үндістанда, Жа- понияда кең өріс алды. Бақылаудың мұндай жүйесі Скандинавия елдерінде де - Данияда, Исландияда, Норвегияда, Швецияда бар. АҚШ-та сот өнегесіне (прецедентіне) негізделген консти ­ туциялык бақылау жүйесі жұмыс істейді. Сот қылмыстық және азаматтық істерді қарағанда процестегі кез келген тарап қабыл- данатын заңның конституциялық емес екендігін мәлімдей алады. Бұл жағдайда заңның конституциялылығы талқылана бастайды. Конституциялык емес деп танылған занды соттар, әкімшіліктік және баска мемлекеттік органдар қолданбайды. Конституциялык сот бақылауының континенттік (еуро- палык) моделі әдебиетте «еуропалық» деп аталады, ол ұйым- дық жағынан сот жүйесінен бөлініп шыққан, тек кана конститу ­ циялык мәселелерді қарайтын мамандандырылған органдардың құрылуын керек етеді. Мысалы, континенталдық Еуропа елде- рінде конституциялык бақылау арнайы органдардың - конститу ­ циялык соттар мен конституциялык кеңестердің көмегімен жү- зеге асырылады. Конституциялык бақылауды үйымдастырудың еуропалық формасына жататын елдерде нормативтік формалар- дың, қүкықтык реттеу көздерінің ауқымды базасы бар. Бүл елдер- дің конституцияларында конституциялык бақылау органдарының мәртебесін регламенттейтін арнаулы зандар бар. Бүл модельде, өз кезегінде, екі негізгі айырмашылық бар: конституциялык мәселелерді конституциялык соттар қарайтын австриялык, континенттік модель және арнайы квазисот орга ­ ны - Конституциялык кеңестің моделіне негізделген француздық континенттік модель. Конституциялык соттар Аустрияда, Италияда, Испанияда, ГФР-да, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Венгрияда, Болга- рияда, Македонияда, ТМД елдерінде (Қазақстаннан баска) бар. Конституциялык соттар қүзыретіне жататын мәселелерді үш топ ­ ка белуге болады. Біріниіі топ құқықтык актілердің конституциялылығы мәсе- лелерін қамтиды. Федеративтік мемлекеттерде федерацияның да, 105

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==