Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
8-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБАИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯАЫҚ КЕҢЕСІ 7.1. Конституциялык бақылау институтыныц даму тарихы Мемлекетгің аяғынан нық түруының басты шарты - Консти- туцияның үстемдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік биліктің бар- лык органдары, заңды және жеке тұлғалар конституция талапта- рын орындауға міндетті, ол үшін барлық елдерде негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, конституцияны заңдық қорғау жүйесі деп аталатын түтас жүйе бар. Қазіргі кезде заңдар- дың, басқа да нормативтік қүқықтық актілердің конституциялы- лығына бақылау кең даму алды. Оның болуы Конституцияның нормалары мен талаптарының сақталуына үлкен мән беретін кез келген мемлекеттің міндетті атрибутына айналды. Конституциялық бақылау органдары мүлде жаңа немесе тү- бірімен жаңарған қоғамдық қатынастарды шешеді, ол қүқықтық реттеуде конституциялық талаптарға жауап береді. Бір жағынан, конституциялық бақылау үлттық қүқық қорғау жүйесіне озық әлемдік және шетелдік практиканың имплементациясын қамта- масыз етеді, мемлекеттің ішіндегі конституциялық императив- терді мемлекетаралық әмбебап нормалармен байланыстырады. Екінші жағынан, адам қүқығын, оның занды мүдделерін қорғау саласындағы конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету үлт- тық дамудың тарихи, саяси-қүқыктык парадигмасы бойынша қа- лыптасатын мемлекет ішіндегі конституциялық конструкцияға негізделед і 14 . 14 Рогов И.И. Приоритет конституционных ценностей / Юридическая га зета. 2009 жыл 4 тамыз Қазіргі жағдайда конституциялық бақылаудың үш моделін бөліп алуға болады, олар: американдық, континенттік және аралас. 104
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==