Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
Конституциялық бақылаудың еуропалық моделі өзінің даму барысында кейбір елдерде жаңа сипат алды. Франция, Алжир, Марокко, Мозамбик, Сенегал, Коста-Рика, Эфиопия сияқты ел дерде бақылау органының функциясы соттық сипатта емес, ар- наулы органдарға жүктелген. Францияның Конституциясына сәй- кес Конституциялық Кеңес 1958 жылдан бастап конституциялық бақылау органы болып табылады. Жалпы және конституциялык соттарға Караганда Консти туциялык, Кеңес квазисоттық орган болып табылады. Ол заң- ның немесе әкімшілік актінің конституциялылығы туралы мә- селені сот процедурасының ережесі бойынша талқыламайды, істі тікелей баяндаманы талқылау арқылы қарайды. Сонымен, Конституциялык Кеңеске органикалық заңдар мен парламент палаталарының регламенттерінің конституциялылығын алдын ала міндетті түрде бақылау, сондай-ақ жай заңдардың консти- туциялылығын алдын ала факультативтік бақылау функциясы жүктелген. Қазакутанда, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-ның мсм- лекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданғаннан кейін жаңа мемлекет түрғызу үшін конституциялык бақылау институ- тын күру қажеттігі туындады. 1991 жылы 16 желтоқсанда қабыл- данған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялык заң Қазақстан Республикасының Конституциялык Сотый Ата заңы- мызды соттық қорғайтын жоғарғы органы деп таныды (10-бап), оның конституциялык бақылау органының ұйымдық-қүқықтық формасын анықтады. Осы көрсетілген ережелерге сәйкес. 1992 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциялык Соты туралы» және «Қазакстан Республикасында конституциялык сот ісін жүр- гізу туралы» Конституциялык заңдар қабылданды. Сосын 12-ша- қырылған Жоғарғы Кеңес Конституциялык соттың Төрағасын, оның орынбасарын және тоғыз мүшесін сайлады. Ол кезде Конституциялык Сотка жүгінушілер көп болды. Бүл сотта жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатпайтын мә- селелерді қарау құқығы болды. Мысалы, Жоғарғы Кеңестің, Пре- зиденттің, Үкіметтің, сондай-ақ министрліктердің және өзге мем- лекеттік органдардың нормативтік актілеріне қатысты бақылау жүргізді. Оның құзыретіндегі мәселелердің бірі - заңды күшіне 107
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==