373 3-ЖАТТЫҒУ Бастапқы ата-ана ДНҚ синтездеуде қолданылған қою түсті сызық пен ирек сызықты ДНҚ молекуласы төртінші ұрпақта қайталанатындығын көрсетіңіздер. 20.5 ДНҚ ЖƏНЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ Егер ДНҚ-да тұқым қуалаушылық ақпарат болса, осы ақпаратты ашу қабілеті де болуы керек. Ақпаратты ашу екі сатыда жүреді. 1. ДНҚ негіздердің реті РНҚ негіздерінің де реттілігі болады; ДНҚ сызбасы бойынша РНҚ синтезі транскрипция деп аталады. 2. РНҚ негіздерінің реті ақуыздағы амин қышқылдарының орналасу ретін анықтайды; РНҚ жоспары бойынша ақуыздардың синтезі трансляция деп аталады. Транскрипция мен трансляцияны шатастырмаңыздар: бұл сөздер ағылшын тіліндегідей қолданылады. Транскрипция (ДНҚ-ның РНҚ-ға өзгеруі) сол тілдердің көшірмесі, яғни бұл жағдайда нуклеотидтердің көшірмесі. Трансляция (РНҚ ақуызға өзгеруі) басқа тілге ауысуы, яғни амин қышқылдарына ауысуы. Біз алдыменен транскрипцияны қарастырамыз. Ө М І Р Б А Я Н Эрвин Чаргаффтың (1905-2002) жасаған жұмыстары ДНҚ құрамындағы аденин сандары тиминдер санына жəне гуаниннің сандары цитозиннің сандарына тең екендігін көрсетеді. Чаргафф Австрияда дүниеге келген жəне Вена университетінде философия докторы дəрежесін алған. Ол 1935 жылы Гитлерден қашып Америка Құрама Штаттарына келіп, Колумбия университеті жанындағы дəрігерлер мен хируктерді дайындайтын колледжде профессор болып қызмет жасаған.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==