372 20.7-сурет ДНҚ репликациясы. Жаңа тізбегі сол жақта үздіксіз 31 → 51 бағытында синтезделеді. Оң жақтағы жаңа тізбегі үзіліспен 31 → 51 бағытында синтезделеді. ДНҚ синтезі, негізінен молекуланың қабаттары бөліне бастаған жағынан басталады. Нуклеин қышқылдары тек 51 → 31 бағытында синтезделетіндіктен (20.2сурет), 20.7-суреттегі тізбектің сол жағындағы үздіксіз тұтас бөлік түрінде синтезделеді (себебі ол 51 → 31 бағытында синтезделеді). Екінші тізбек 31 → 51 бағытында өсуі керек. Сондықтан ол үзіліспен ұсақ бөліктерге синтезделеді. Əр бөлік 51 → 31 бағытында синтезделеді жəне бөліктер бір-бірімен ДНҚ-лигаза ферменті қатысында қосылады. ДНҚ əр алынған жаңа екі молекуласында (баласы) ата-аналарының бір тізбегі (20.7-суреттегі көк тізбек), ал жаңадан синтезделген тізбек (жасыл түсті тізбек) болады. Бұл үрдіс жартылай консервативті репликация деп аталады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==