Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

371 20.3 НЕ СЕБЕПТІ ДНҚ ҚҰРАМЫНДА ОН ТОБЫ БОЛМАЙДЫ ДНҚ тұрақты қосылыс, ал РНҚ рибоза тұрақсыз болады. Себебі, рибозаның 21ОН тобы нуклеофил болғандықтан РНҚ жеңіл ыдырайды тұрақсыз (20.6-сурет). Бұл не себепті ДНҚ молекуласында 21-ОН тобының болмайтындығын түсіндіреді. ДНҚ өзінің қызмет ету мерзімінде генетикалық ақпаратты сақтау үшін өзгеріссіз қалу керек. ДНҚ бөлінуінен жасуша мен тіршілік үшін катастрофиялық жағдай туындайды. РНҚ-ның ДНҚ айырмашылығы қажетінше синтезделеді жəне қажетті жағдайда бөлінеді. 20.6-сурет РНҚ 21-ОН тобының бөлінуі. ДНҚ салыстырғанда РНҚ 3000000000 есе жылдам бөлінеді. 20.4 ДНҚ БИОСИНТЕЗІ РЕПЛИКАЦИЯ ДЕП АТАЛАДЫ Адам жасушасында генетикалық ақпаратты тасымалдаушы 23 хромосома жұптары бар. Əр хромосома бірнеше мыңдаған гендерден (ДНҚ сегменті) тұрады. Адамның жалпы ДНҚ 3,1 миллиард негіздер жұбынан құралған жүздеген адам геномынан тұрады. Уотсон мен Криктің ұсынған ДНҚ құрылысының пікірталас туғызуы ол ұсынылған құрылыстардың ДНҚ келесі ұрпаққа генетикалық ақпаратты тасымалдайды деуінде еді. Себебі екі тізбек бірін-бірі толықтырып, екеуі де бірдей генетикалық ақпаратты тасымалдайды. Екі тізбек те жаңа комплементарлық тізбектердің синтезінде матрица қызметін атқарады (20.7-сурет). Жаңа ДНҚ молекуласы алдыңғы (ата-анасы) молекуламен бірдей оларда барлық нақты генетикалық ақпараттар болады. Бірдей ДНҚ молекулаларының синтезделуі репликация деп аталады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==