374 20.6 РНҚ БИОСИНТЕЗІ ТРАНСКРИПЦИЯ ДЕП АТАЛАДЫ Транскрипция ДНҚ белгілі бір орында оралып бірдей екі тізбек пайда болғанда басталады. Тізбектің бірі мағыналы жолақ деп аталады. Комплементарлық тізбек матрицалық жолақ болады. Матрицалық жолақ 3 → 51 бағытында есептеледі, сондықтан РНҚ 51 → 31 бағытында синтезделуі мүмкін (20.8-сурет). Матрицалық жолақтағы негіз РНҚ құрамына кіретін негіздерді көрсетеді. Осындай принципке сай негіздердің жұптасуынан ДНҚ репликация пайда болады. Мысалы, матрицалық жолақтағы əр гуанин РНҚ-ға цитозиннің кіруін анықтайды жəне матрицалық жолақтағы əр аденин РНҚ-ға урацилдің кіруін анықтайды. (РНҚ құрамында тиминнің орнына урацил болатындығын естеріңізге саламыз). РНҚ мен ДНҚ мағыналы тізбегі матрицалық тізбекке комплементарлы жəне РНҚ мен ДНҚ тізбегіндегі негіздердің орналасу реті тек РНҚ-да тиминнің орнына урацилдің болуымен өзгешеленеді. 20.8-сурет Транскрипция: ДНҚ жоспарын қолданып РНҚ синтездеу. Транскрипция ДНҚ → РНҚ Трансляция РНҚ → ақуыз
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==