368 ДНҚ сырт жағында қант-фосфатты қалдығы мен ішкі жағында негіз болатын нуклеин қышқылдарының екі тізбегінен тұрады. Тізбектер антипараллельді (олар қарама-қарсы бағытта орналасады) жəне бірінші негіздік тізбекпен екінші негіздік тізбектер өзара сутектік байланыстармен қосылған (20.3-сурет). 20.3-сурет ДНҚ қант-фосфатты қалдығы сыртқы жақта, ал негіздік бөлігі ішкі жағында орналасқан. А (пуриндік) үнемі Т (пиримидиндік) жұп түзеді. G (пуриндік) үнемі С (пиримидиндік) жұп түзеді. Екі тізбек бір-біріне қарама-қарсы бағытта антипараллельді орналасады. Аденин (А) үнемі тиминмен (Т) жұп түзеді, ал гуанин (G) цитозинмен (С) жұп түзеді. Бұл екі тізбектің бірін-бірі толықтыратындығын білдіреді: бір тізбекте А болса, қарама-қарсы тізбекте Т, ал бір тізбекте G болса, екінші тізбекте С болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==