369 Осылайша, егер сіздер бір тізбектегі негіздердің ретін білсеңіздер, екінші тізбектегі сатыларды анықтай аласыздар. Не себепті А мен Т бір жұп түзеді? Ал G мен C бір жұп түзеді? Алдымен екі тізбекті молекуланың ені салыстырмалы тұрақты болады, сондықтан пурин пиримидинмен қосарланады. Егер пуриндердің ірі жұптары болса, тізбек үлкейген түрде болады. Егер кіші пиримидиндік жұптар болса, тізбек созылып екі пиримидин сутектік байланыстар түзетіндей бір-біріне жақындайды. Бірақ А-ның С-мен емес Т-мен жұбында пайда болу себебі қандай? Негіздердің бірігуі сутектік байланыстар арқылы жүреді. Аденин тиминмен екі сутектік байланыс түзеді, бірақ бір сутектік байланысы цитозинмен түзіледі. Гуанин цитозинмен үш сутектік байланыс түзеді, бірақ бір сутектік байланыс тиминмен түзіледі (20.4-сурет). 20.4-сурет ДНҚ-дағы негіздер: аденин мен тимин екі сутектік байланыстармен қосылған; цитозин мен гуанин үш сутектік байланыстармен қосылған. ДНҚ құрамындағы қарама-қарсы екі тізбек сызықты емес, олар жалпы ось айналасында спиральға оралған (20.5а-суретті қараңыздар). Негіздер жұбы жазық жəне спиральдің ішкі жағынан бір-біріне параллельді болады (20.5б-сурет). Осылайша екіншілік құрылым қос спираль деген атпен белгілі болды. Қос спираль бұрандамалы баспалдақты еске түсіреді: негіздер жұбы сатылар жəне қанттыфосфатты бөлігі ұстайтын жері.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==