Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

367 нуклеотидтің 31-ОН тобының фосфорангидридтік байланысын үзіп жəне пирофосфатты бөліп екінші нуклеотидтің трифосфатындағы фосфорды нуклеофилді шабуылдауының нəтижесінде пайда болады (фосфор рибозаға жақын) (20.2-сурет). Бұл өсіп келе жатқан полимер 51 → 31 бағытында синтезделеді дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, жаңа нуклеотидтер тізбектің 31 соңына қосылып отырады. 20.2-сурет Нуклеотидтердің өсіп келе жатқан тізбекке қосылуы. Биосинтез 51 → 31 бағытында жүреді. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы негізгі тізбектегі сатылықты көрсетеді. Осыған сəйкес полинуклеотидтердегі негіздер сатыланып 51 → 31 бағытындағы ретпен орналасады (51-соңы сол жағында). 20.2-суреттегі нуклеотид тізбегінің 51-соңының жеке 51-трифосфат топтары мен нуклеотидтің 31-соңғы тобында байланыспаған 31-гидрокси тобы болатындығына назар аударыңыздар. ДНК 51 → 31 бағытында синтезделеді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==