Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

363 Əртүрлі түрлер мен тұқымдастар арасындағы тұқымқуалаушылықтағы үлкен айырмашылықтары тек ДНҚ бойынша ажыратылады. Шындығында, ДНҚ құрамында тек төрт негіз болады: екеуі пуриндік негіздер (аденин мен гуанин) жəне екеуі пиримидиндік негіздер (цитозин мен тимин). ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ: УОТСОН, КРИК, ФРАНКЛИН ЖƏНЕ УИЛКИНС Джеймс Д.Уотсон 1928 жылы Чикагода дүниеге келген. 19 жасында Чикаго Университетін бітіріп, үш жылдан кейін Индиана университетінде философия докторы дəрежесін алады. 1951 жылы Уотсон доктор, ғылыми қызметкер ретінде Кембридж университетінде ДНҚ үш өлшемді құрылымын анықтау бойынша жұмыс жасайды. Фрэнсис Х.К. Крик (1916-2004) Англияның Нортгемптон қаласында дүниеге келген. Алдымен ол физик мамандығы бойынша білім алады. Крик екінші дүниежүзілік соғыс кезінде радиолокация бойынша зерттеушлер жүргізеді. Соғыстан кейін ғылымдағы ең өзекті мəселе тіршіліктің физикалық негізі деп шешім қабылдаған ол рентген құрылымдық анализ арқылы биологиялық молекулалардың құрылысын зерттеу үшін Кембридж университетіне түседі. Онда ол аспирант болып ДНҚ екі спиральдық құрылысын ұсынуға болатындай өзінің жұмысын орындайды. 1953 жылы ол химия бойынша философия докторы дəрежесін алады. Розалинда Франклин (1920-1958) Лондонда дүниеге келген. 1942 жылы Кембридж университетін аяқтап, көмірді утилизациялау бойынша Британдық зерттеу ассоциациясында ғылыми қызметкер болады. Соғыстан кейін Парижде диракциялық рентген əдістерін зерттеумен айналысады. 1951 жылы ол Англияға қайтып оралып корольдік колледждегі биофизика бөлімінде рентген сəулелерінің дифракциясын жасаумен айналысады. Оның рентген сəулелік зерттеулері фосфатты тобы бар ДНҚ спиралінің молекуланың сыртқы бөлігінде болатындығын көрсетеді. Франклин оның жұмысының ДНҚ құрылысын анықтауда маңызды рөл атқаратындығы мен оған өзінің қосқан үлесін білмей қайтыс болады. 1962 жылы Уотсон мен Морис Уилкинспен бірге ДНҚ қос спиральдық құрылысын анықтағаны үшін медицина жəне физиология саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленеді. Уилкинс (1916-2004) өзінің рентгендік зерттеулерімен ДНҚ спиральдық құрылымына өз үлесін қосқан, Жаңа Зеландияда дүниге келіп алты жылдан кейін ата-анасымен бірге Англияға қоныс аударған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол американдық ғалымдармен бірлескен басқа британдық ғалымдармен бірге атом бомбасын жасау жұмыстарына қатысады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==