Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

362 Содан кейін бұл ақпарат жасуша құрылымдары мен қызметіне қажетті барлық ақуыздардың синтезіне ауысады. ДНҚ алғаш рет 1869 жылы лейкоциттер ядросынан бөлінген. Ол ядродан табылған жəне қышқыл болғандықтан, оны нулкеин қышқылдары деп атаған. Соңында ғалымдар барлық жасуша ядроларында ДНҚ болатындығын, бірақ ол 1944 жылға дейін белгісіз болғандықтан, олар нуклеин қышқылдарының генетикалық ақпаратты тасымалдауыштар екендігін түсінеді. 1953 жылы Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Крик ДНҚ белгілі үш өлшемді екі спиральдік құрылымын жасайды. 20.1 НУКЛЕОЗИДТЕР МЕН НУКЛЕОТИДТЕР Нуклеин қышқылдары өзара фосфор қышқылымен əрекеттесіп, фосфодиэфирлерін түзетін бес мүшелі қант сақиналарынан тұрады (20.1-сурет). Əр қанттағы аномерлі көміртегі гетероциклді қосылыстың азот атомымен β-гликозидтік байланыспен қосылған (15.11-бөлім). Гетероциклді қосылыстар аминдерге жататындықтан, оларды негіздер деп атайды. РНҚ бес мүшелі қант D-рибоза сақинасынан тұрады. ДНҚ, бұл 21-дезокси-D-рибоза (21-орында ОН тобы жоқ D-рибоза). 20.1-сурет Нуклеин қышқылдары фосфаты топтары арқылы қосылған бес мүшелі қант сақинасынан тұрады. Əр қант (РНҚ-да D-рибоза, ДНҚ-да 2-дезокси-D-рибоза) гетероциклді аминмен (негіз) β-гликозидтік байланыспен қосылған.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==