364 Джеймс Уотсон (сол жақта) жəне Розалинда Франклин Фрэнсис Крик (оң жақта) РНҚ-да төрт негіз болады. Үшеуі ДНҚ құрамында кездесетін негіздер (аденин, гуанин жəне цитозин), ал төртіншісі РНҚ-да тимин орнында урацил болады. Тимин мен урацил бір-бірінен тек метил топтары бойынша ғана өзгешеленетіндігіне назар аударыңыздар (Тимин ол 5-метилурацил). ДНҚ құрамында урацил орнына тиминнің болатындығы 20.9-бөлімде түсіндіріледі. Құрамындағы негіздер D-рибоза немесе 21-дезокси-D-рибозамен байланысқан қосылыстар нуклеозидтер деп аталады. Нуклеоизидтердің құрамындағы сақиналы түрдегі қант бөлігін негіздің сақиналы түрінен ажыратуы үшін нөмірлейді. Міне, сол себепті ДНҚ құрамындағы қант бөлігі 21-дезокси-D-рибоза деп аталады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==