358 болады. Тритерпендер стероидты молекулалардың алдыңғы өнімдері. Ликопин жəне β-каротин тетратерпендерге (40 көміртегі атомы бар) жатады. Тетратерпендер каратиноидтар деп аталады. Терпендерді синтездеуде қолданылатын бес көміртекті қосылыс – изопентил фосфат. Диметил аллил пирофосфаттың (изопентил фосфаттан түзілген) изопентил пирофосфатпен реакциясынан 10 көміртегі бар геранил пирофосфат түзіледі. Ол ары қарай изопентил пирофосфаттың екінші молекуласымен əрекеттесіп, 15 көміртекті қосылыс фарнезилпирофосфат түзеді. Фарнезилдің екі молекуласынан 30 көміртекті қосылыс сквален пирофосфаты түзіледі. Сквален холестериннің алдыңғы өнімі. Гормондар химиялық тасымалдауыштар. Көптеген гормондар стероидтарға жатады. Барлық стероидтарда тетрациклді сақина жүйесі бар. Жануарларда кеңінен таралған стероид ол басқа барлық стероидтардың алдыңғы өнімі болатын холестерин. ЖАТТЫҒУЛАР 13. Холестериннің келесі қосылыстардың əрқайсысымен реакциясынан қандай өнімдер түзіледі: а. H2, Pd/C ə. ацетилхлорид б. H2SO4 ∆ в. H2O, Н+ г. пероксиқышқылдар 14. Триглицеридтердің барлығының асимметриялық орталықтарының саны бірдей ме? 15. Кардиолипидтер жүрек бұлшық еттерінің құрамында болады. Кардиолипиннің қышқыл катализаторы қатысындағы толық гидролиздену реакциясы өнімдерін көрсетіңіздер. 16. Мускат жаңғағы молекулалық массасы 722 тең толық қаныққан триглицерид. Оның құрылысы қандай? 17. Фосфолипидтердің асимметриялық орталықтары R конфигурациялы. Келесі құрылымдардың қайсысы лецитинге сəйкес?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==