Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

359 18. Гераниолдағы изопрендік буындарды көрсетіңіздер (359-бет). 19. Сквалендегі байланыстардың бірі соңы-соңы жəне басы-соңы болмайды. Қалай ойлайсыздар табиғатта сквален қалай синтезделеді? (Көмекке: соңы-соңы байланысы). 20. Ликопин мен каротиндегі изопрендік буындарды көрсетіңіздер. Сквален, ликопин жəне β-каротин биосинтезіндегі ұқсастықты қалай анықтауға болады? 21. 5- андростен-3,17-дионды 4-андростен-3,17-дионға гидроксид-ионы арқылы изомерлеуге болады. Осы реакция механизмін көрсетіңіздер. 22. а. Құрамында май қышқылды компонент ретінде лаурин қышқылы мен екі миристин қышқылдары болатын қанша триглицеридтер болады? ə. Құрамында май қышқылды компонент ретінде лаурин қышқылы мен бір миристин жəне бір пальмитин қышқылдары болатын қанша триглицеридтер болады? 23. Сфинголипидтер – глицериннің орнына сфингозин болатын мембранадан табылған қосылыстар. Сфингодипидтердің бір түрі сфингомиелиндер, сфингомиелиндер жүйке талшықтары айналасындағы негізгі компонент. Сфингомиелина сфингозиннің амин тобы май қышқылының ацил тобымен жəне біріншілік спирттік топпен байланысып, фосфор қышқылының күрделі эфирін, сондай-ақ холинмен де күрделі эфир түзеді. Сфингомиелиннің құрылысын көрсетіңіздер. жəне

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==