357 Руссель-Услаф атауынан шыққан жəне зертханада алғашқы партиясы алынған. Бұл қосылыстың құрылысының прогестеронға ұқсас екендігіне назар аударыңыздар. 12-ЖАТТЫҒУ Бұлшық еттің жетілуіне əсер ететін стероид тестестерон мен əсері дəл осындай синтетикалық стероид станазололдың құрылыстарын қалай ажыратуға болады? ҚОРЫТЫНДЫ Липидтер тірі ағзаларда кездесетін полюссіз еріткіштерде ерімейтін органикалық қосылыстар. Липидтерге май қышқылдары, тармақталмаған ұзын көмірсутекті тізбектері бар карбон қышқылдары жатады. Май қышқылдардың құрамындағы қос байланыстар цис-конфигурацияда болады. Құрамында бір қос байланыстан көп май қышқылдары полиқанықпаған май қышқылдары деп аталады. Табиғи қанықпаған май қышқылдарындағы қос байланыстар бір СН2 топтары арқылы ажыратылады. Балауыздар ұзын тізбекті карбон қышқылдары мен ұзын тізбекті спирттерден түзілген күрделі эфирлер. Триглицеридтер глицериннің үш ОН топтары май қышқылдарымен этерификацияланған қосылыстар. Бөлме температурасында қатты немесе жартылай қатты болатын триглицеридтер қатты майлар, ал сұйық триглицеридтер сұйық майлар деп аталады. Полиқанықпаған майлар кейбір немесе барлық қос байланыстар каталитикалық гидрлеу арқылы тотықсызданады. Фосфоглицеридтер триглицеридтерден айырмашылығы глицериннің шеткі ОН тобы май қышқылының орнына фосфор қышқылымен этерификацияланады. Фосфоглицеридтер липидтік қос қабаттың пайда болуынан мембраналар түзеді. Фосфолипидтер дегеніміз – құрамында фосфат тобы бар липидтер. Терпендердің құрамындағы буынындарда бес көміртегінен болады. Олар басы мен соңындағы бес көміртекті буындардан құралады. Бұл изопрен ережесі деп аталады. Монотерпендерде екі изопрендік буын, яғни 10 көміртегі атомы болады; сесквитерпендерде 15, ал тритерпендерде 30 көміртегі атомы (терпенфенолдар)
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==