356 ЛИПОПРОТЕИНДЕР Липопротеиндер липидтерден (холестерин, триглицерид, фосфолипидтер) жəне ақуыздардан тұрады. Липопротеиндердің тығыздығы құрамындағы липидтер мен ақуыздардың мөлшеріне байланысты. Ақуыздар липидтерге қарағанда біршама тығыз орналасқан. Сондықтан липопротеиндердің ақуыздық компоненті жоғары болса, тығыз болады. Біз 3.13-бөлімде тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛ) нашар холестерин жəне тығыздығы төмен липопротеиндер (ТЖЛ) жақсы холестерин деп аталатындығын көрдік. ТТЛ, шамамен 75% липидтерден жəне 25% ақуыздардан тұрады; ТЖЛ 50% липидтер мен 50% ақуыздардан тұрады. 11-ЖАТТЫҒУ Альдостеронның құрамында қандай функционалдық топтар бар? 19.8 СИНТЕТИКАЛЫҚ СТЕРОИДТАР Физиологиялық əсерлері күшті стероидтар ғалымдардың табиғатта кездеспейтін жаңа дəрілік заттарды синтездеуіне жəне олардың физиологиялық əсерлерін зерттеуге əкелді. Осындай станозолол жəне дианабол сияқты екі препараттардың тестостерон сияқты бұлшық еттерге əсері болады. Бұлшық еттердің дамуына əсер ететін стероидтар анаболиттік стероидтар деп аталады. Бұл препараттар дəрігердің нұсқаулығымен қолжетімді жəне адамдардағы жарақаттанудан бұлшық еттерді емдеуде қолданылады. Мұндай препараттар спортшыларға жəне шабандоздарға бұлшық ет массасын арттыру үшін беріледі. Станозолол 1988 жылғы олимпиада ойындарында бірнеше спортшылардан анықталған препарат. Анаболиттік стероидтар жоғары дозада қабылданғанда бауырда ісіктің жəне жұмыртқаның зақымдануы мен атрофиясының пайда болатындығы анықталған. Көптеген синтетикалық стероидтардың табиғи стероидтардан күшті екендігі анықталлған. Мысалы, норэтиндрон овуляцияны тоқтатуда прогестеронға қарағанда эффективті келеді. Екінші синтетикалық стероид мифепристон, жүктілік кезінде жүктіліктен сақтайды. Мефипристонды RU 486 деп те атайды. Оның атауы 1980 жылы алғаш синтезделген францияның фармацевтикалық компаниясы
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==