355 Əртүрлі стероидты гормондардың құрылыстары ұқсас болғанымен, олардың физиологиялық əсерлері əртүрлі болады. Мысалы, тестостерон мен прогестеронның арасындағы жалғыз айырмашылық бес мүшелі сақинасындағы орынбасарда, ал 5-дигидротестостерон мен эстрадиолдың айырмашылығы метил тобы мен үш сутегі атомында, бірақ бұл қосылыстар ер адамдар мен əйелдер арасындағы жыныстық айырмашылықтарға жауап береді. Бұл мысалдар биохимиялық реакциялардың спецификациялығын көрсетеді. Барлық стероидты гормондардың алдыңғы өнімі холестерин өт қышқылдарының бастапқы өнімі болады. Холестерин гректің chole «өт» жəне stereo «қатты» деген сөзінен шыққан. Өт қышқылдары холи жəне хенедеоксихоли қышқылдары бауырда синтезделіп, өт қабында сақталады жəне қатты майлар мен сұйық майлар суда еритін ас қорыту ферменттерімен қорытылатындықтан, тоқ ішекте эмульгатор түрінде əсер етеді. Сондай-ақ холестерин D дəруменінің алғашқы өнімі. D дəруменінің жетіспеушілігінен рахит ауруы пайда болады. Ө М І Р Б А Я Н Немістің екі химигі Генрих Отто Виланд (1877-1957) жəне Адольф Виндаус (1876-1959) химия саласы бойынша холестериннің құрылысын анықтағаны үшін Нобель сыйлығының иегері атанған (Виланд 1927 жылы жəне Виндаус 1928 жылы). Генрих Виланд химиктің баласы, Мюнхен университетінде профессор болып қызмет атқарып, өт қышқылдарының стероидтарға жатындығын жəне олардың кейбіреулерінің құрылысын анықтаған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Германияда қалып, ашық түрде антифашист болған. Адольф Виндаус алғашында дəрігер болуды армандаған, бірақ Эмиль Фишермен жүргізген жұмыстарынан кейін ойын өзгертеді. Виндаус D дəруменінің стероид екендігін жəне алғашқы болып В1 дəруменінің құрамында күкірт атомы болатындығын анықтаған. Ө М І Р Б А Я Н Адольф Фридрих Иоганн Бутенандт (1903-1995) Германияда дүниеге келген. Ол 1939 жылы химия саласы бойынша Леопольд Ружичпен бірге (523-бетті қараңыздар) эстрон, андростерон жəне прогестеронды бөліп, құрылыстарын анықтаған. Өкіметтің ұлтшыл деп қудалауымен ол бұл сыйлықтан бас тартып, тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана алады. Ол Берлиндегі Кайзер Вильгельм институтының директоры, кейіннен Мюнхен мен Тюбиген университеттерінде профессор болып қызмет атқарған.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==