Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

341 ОЛЕСТРА: МАЙСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ХОШ ИІСТІ Химиктер тағамдардың хош иісін сақтап, калориясын төмендету жолдарын іздестірді. Адамдардың көбі «майсыз» деген сөз «иіссіз» сөзінің синонимі емес деп ойлайды. Проктер энд Гэмбл 30 жылда майды алмастырғышты іздестіріп 2 миллиард доллар қаражат жұмсаған жəне оны олестра деп атаған. Тағам өнімдері мен медикаменттерден алынған 150-дей зерттеу нəтижелерін қарастырғаннан кейін (21.10бөлім) 1996 жылы Олестраны тіске басар ретінде қолдануға салынған тыйым мақұлданады. Олестра – жартылай синтетикалық қосылыс. Яғни, табиғатта кездеспейді, бірақ оның құрам компоненттері кездеседі. Қосылыс біздің тағамдық рационымыздың қалыпты бөлігі, бірақ жаңа алынатын қосылыс улы болуы да мүмкін. Олестра сахарозаның барлық гидроксил топтарын мақта жəне соя майларынан алынатын май қышқылдарымен этерификациялау арқылы алынады. Осылайша, оның құрам бөлігі асхана қанты мен өсімдік майы болады. Оның эфирлік байланыстары кеңістіктік кедергілерге байланысты асқазан ферментімен қиын гидролизденеді. Олестрада қатты майдың дəмі бар, бірақ ол қорытылмайды, сондықтан энергетикалық құндылығы жоқ.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==