Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

340  4-ЖАТТЫҒУ Гидролиз нəтижесінде 3-жаттығудағыдай өнімдер түзілетін оптикалық белсенді қатты майдың құрылысын көрсетіңіздер. Жануарлардың тері қабатының астында энергия көзі мен қорғаныш рөлін атқаратын май жасушаларының қабаты болады. Ер адамдардағы майдың орташа мөлшері 21%, ал əйел адамдарда 25% құрайды. Май метаболиттік энергиядан гидратты гликогенмен салыстырғанда алты есе көп мөлшерде болады, себебі майлар көмірсуларға қарағанда аз тотығады жəне майлар полюссіз болғандықтан, сумен байланыспайды. Бұған керісінше, гликоген салмағының үштен екі бөлігі – су (15.14-бөлім). Адамдардың ағзалары метаболиттік қажеттілігін екі-үш ай бойы қамтамасыз ету үшін майды ұзақ сақтап тұра алады, ал метаболиттік қажеттілікті қамтамасыз ететін көмірсуларды тек 24 сағаттан аз уақыт қана сақтай алады. Сондықтан көмірсулар қысқа уақытты энергия көзі ретінде қолданылады. Полиқанықпаған қатты майлар мен сұйық майлар О2-мен тізбекті радикалдық реакция көмегімен жеңіл тотығады. Иницирлеу сатысында радикал екі қос байланыстағы СН2 тобынан сутегін бөледі. Бұл сутегі атомы жеңіл бөлінеді, себебі жұпсыз электрон үш көміртегі атомдарын бөледі. (Жасыл меңзерлердің бір резонанстық құрылымға жəне қызыл меңзердің екіншісіне ауысатындығын көрсететіндігіне қараңыздар). Май қышқылдарының О2-мен реакциясы олардың ашуына əкеледі. Ашыған сүтпен қышқылданған майдың жағымсыз дəмі мен иісі тотығу реакцияларының өткір иісті өнімдері.  5-ЖАТТЫҒУ С-10 арахидон қышқылынан сутегі атомы бөлінгенде түзілетін радикалдың резонанстық құрылымын көрсетіңіздер. 3-D молекула:Олестра

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==