Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

342 БҮКІР КИТ ЖƏНЕ ЭХОЛОКАЦИЯ Киттердің басы өте үлкен жалпы салмағының 33% құрайды. Олардың басының төменгі жағында май көп жинақталады. Бұл май киттің ағзасындағы кəдімгі май мен тағамдық майдан өзгеше болады. Бұл майды қорыту үшін анатомиялық өзгерістер қажет болғандықтан жануар ағзасы үшін оның кейбір маңызды қызметі де бар. Қазіргі уақытта май дыбыс импульстарының кері қайтуын талдау арқылы ақпарат алудағы эхолакация үшін қолданылады. Киттің басындағы май бағытталған сəуле шығарған дыбыс толқындарын қабылдайды жəне төменгі жағындағы майлы мүшесі шыққан дыбыстарды қабылдайды. Бұл орган дыбысты өңдеу үшін миға жіберіп, китті терең су астындағы өзгерістермен жəне су жағалауы жайлы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Киттің басы мен жағында жинақталған май оны ерекше акустикалық сенсорлы жүйемен қамтамасыз етеді жəне дыбыс бағытына сезімталдығы жоғары акуламен тіршілік үшін күресуіне көмектеседі. Оңтүстік Африкадағы судан шыққан бүкір кит 19.4 ФОСФОЛИПИДТЕР МЕМБРАНА КОМПОНЕНТТЕРІ Ағза қажетті жағдайда жұмыс жасау үшін оның кейбір мүшелері басқа бөліктерінен бөлек болуы қажет. Жасуша деңгейінде, мысалы, жасушадан тыс басқа бөліктеріне бөлектенуі керек. «Майлы» липидтік мембраналар осындай қызмет атқарады. Ұяшықтардағылардан бөлектеуге қосымша мембраналар жасушаларға жəне одан органикалық молекулалар мен иондардың селективті тасымалдануын қамтамасыз етеді. Фосфоглицеридтер (фосфоацилглицеролдар деп те аталады) фосфат тобы бар фосфолипидтер деп аталатын липидтер класына жататын жасуша мембраналарының негізгі компоненттері. Фосфоглицеридтер триглицеридтерге ұқсас, тек глицериннің шеткі ОН тобы май қышқылдарымен емес фосфор қышқылымен этерифицирленіп, фосфатид қышқылын түзеді. Фосфоглицеридтердегі С-2 көміртегі R конфигурацияда болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==