338 19.2-кестенің жалғасы мақта -1 - 1 23 1 23 48 - зығыр -24 - - 6 3 19 24 47 зəйтүн -6 - - 7 2 84 5 - жер жаңғақ 3 - - 8 3 56 26 - сафлор -15 - - 3 3 19 70 3 күнжіт -6 - - 10 4 45 40 - соя -16 - - 10 2 29 51 7я Сұйық триглицеридтер сұйық майлар деп аталады. Сұйық майларды көбінесе жүгері, соя, зəйтүн жəне жер жаңғағы сияқты өсімдік өнімдерінен алады. Олар негізінен қанықпаған май қышқылдарынан құрылған триглицеридтерден тұрады, сондықтан бір-біріне нығыз орналаса алмайды. Осыған байланысты олардың балқу температуралары төмен жəне бөлме температурасында сұйық болады. 19.2-кестеде берілген қатты майлар мен сұйық майлардың құрамын салыстырыңыздар. Полиқанықпаған сұйық майлардағы кейбір немесе барлық қос байланыстар каталитикалық гидрленеді. Маргаринді күнбағыс немесе соя сияқты өсімдік майларын қажетті консистенцияға жеткенше гидрлеу арқылы алады. Гидрлеу реакциясын қатаң бақылау керек, себебі көміртек-көміртекті қос байланысының тотықсыздануы сиыр майы сияқты консистенцияға дейін жүреді. Кейбір транс жағдайдағы қос байланыстар осындай үрдіс кезінде пайда болады (5.12-бөлім).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==