337 Егер қосылыс осындай май қышқылдары мен триглицеридтердің үш компонентінен құралса жай триглицеридтер деп аталады. Аралас триглицеридтерде екі немесе үш түрлі май қышқылдарының компоненттері болады жəне жай триглицеридтерге қарағанда жиі кездеседі. Бір шикізаттан алынған триглицеридтердің барлық молекулалары міндетті түрде бірдей болмайды. Мысалы, шошқа жəне зəйтүн майлары əртүрлі триглицеридтердің қоспасынан тұрады (19.2-кесте). Бөлме температурасында қатты немесе жартылай қатты триглицеридтер қатты майлар деп аталады. Қатты майлар көбінесе жануарлардан алынады жəне негізінен құрамында қаныққан май қышқылдарынан жəне тек бір ғана қос байланысы бар май қышқылдарынан тұратын триглицеридтер болады. Қаныққан май қышқылдарының соңғы жағы тығыз орналасады, сондықтан мұндай триглицеридтердің балқу температурасы жоғары болады. Осыған байланысты олар бөлме температурасында қатты күйде болады. 19.2-кесте. Кейбір қатты жəне сұйық майлар құрамындағы май қышқылдарының пайыздық мөлшері. Қаныққан май қышқылдары Қанықпаған қышқылдары май tбалқу, (оС) лаурин С12 миристин С14 пальмитин С16 стеарин С18 олеин С18 линол С18 линолеин С18 жануар майлары сары май 32 2 11 29 9 27 4 - шошқа майы 30 - 1 28 12 48 6 - адам майы 15 1 3 25 8 46 10 - кит майы 24 - 8 12 3 35 10 - өсімдік майлары жүгері 20 - 1 10 3 50 34 -
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==