Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

336 19.2 ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫ БАЛАУЫЗДАР ЭФИРЛЕРДІҢ САЛМАҒЫ Балауыздар карбон қышқылдары мен спирттердің ұзын тізбекетерінен түзілген күрделі эфирлер. Мысалы, ара балауызы 26 көміртекті карбон қышқылы мен 30 көміртекті спирттен түзілген ара ұясын құрастырушы негізгі материал. Карнауб балауызы оның молекулалық массасының жоғары болуына байланысты қатты болады. Карнауб балауызы автомобиль желімі жəне еденге жылтыратқыш ретінде қолданылады. Балауыздар тірі ағзаларда кеңінен таралған. Құстардың қауырсынында су жұқтырмас үшін балауызбен қапталған қабаты болады. Кейбір бауырмен жорғалаушылардың ағзасынан өздерінің жүнінің жабысқақтығын сақтау жəне су жұқпас үшін балауыз бөледі. Жəндіктерде су өткізбес үшін экзоқаңқаларында балауыз қабаты болады. Сондай-ақ, балауыз кейбір жапырақтар мен жемістердің беткі қабатында паразиттерден қорғау жəне судың аз булануы үшін де кездеседі. ара ұясындағы балауыз қабаттары Қауырсындағы жаңбыр тамшылары 19.3 ҚАТТЫ МАЙЛАР МЕН СҰЙЫҚ МАЙЛАР Триглицеридтер глицериннің үш ОН топтарымен жоғарғы карбон қышқылдарынан түзілген күрделі эфирлер (19.1-бөлім).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==