334 18 линолеин қышқылы (9Z,12Z,15Z)- октаде-катрион қышқылы -11 20 арахидон қышқылы (5Z,8Z,11Z,14Z) - эйкозатетраен қышқылы -50 20 EPA (5Z,8Z,11Z,14Z, 17Z)- эйкозапентен қышқылы -50 Қанықпаған май қышқылдарының құрамындағы қос байланыстар цисконфигурацияда болады жəне бір СН2 тобымен ажыратылады. Цис-конфигурациядағы қос байланыстардан молекула иіліп, қаныққан қышқылдардағыдай нығыз орналасуына мүмкіндік бермейді. Нəтижесінде қанықпаған май қышқылдарының молекула аралық əрекеттесуі аз болады, осыған байланысты олардың балқу температурасы молекулалық массасы бірдей қаныққан қышқылдармен салыстырғанда біршама төмен болады (19.1-кесте). Қанықпаған май қышқылдарының балқу температурасы қос байланыстар саны артқан сайын төмендейді. Мысалы, 18 көміртекті май қышқылы 69°С температурада балқиды, ал оның қаныққан түрі 13°С-да, егер құрамында бір үш байланыс болса -5оС-да, егер үш қос байланыс болса -11оС температурада балқиды.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==