Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

333 Липидтердің полюссіз еріткіштерде еру қабілеттілігі олардың «майлылығына» жауап беретін көмірсутекті компоненттері. Липид сөзі гректің «lipos» май деген сөзінен шыққан. 19.1 МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫ Май қышқылдары карбон қышқылдарының ұзын көмірсутекті тізбегінен тұратын липидтердің негізгі топтары. Табиғатта жиі кездесетін май қышқылдары 19.1-кестеде берілген. Табиғатта көп кездесетін май қышқылдары тармақталмаған тізбекті жəне ондағы көміртегі атомдары екі көміртегі атомынан тұратын ацетаттан синтезделетіндіктен тақ санды болады (13.11-бөлім). Май қышқылдары сутегімен қаныққан (сондықтан оларда көміртек-көміртекті қос байланыстары болмайды) немесе қанықпаған (көміртек-көміртекті қос байланысы бар) болады. Құрамында бір қос байланыстан көп май қышқылдары полиқанықпаған май қышқылдары деп аталады. Қаныққан май қышқылдарының молекулааралық Ван-дер-Ваальстік өзара əрекеттесу əсерінен молекулалық массасының артуына қарай балқу температуралары жоғары болады (3.7-бөлім). Сондай-ақ, қанықпаған май қышқылдарының молекулалық массасы артқан сайын балқу температуралары да артады (19.1-кесте). 19.1-кесте. Табиғатта жиі кездесетін май қышқылдары көміртегі саны жалпы атауы жүйелік атауы құрылысы балқу темпера- турасы, оС қаныққан 12 лаурин қышқылы додекан қышқылы 48 14 миристин қышқылы тетрадекан қышқылы 53 16 пальмити н қышқылы гексадекан қышқылы 63 18 стеарин қышқылы октадекан қышқылы 69 20 арахин қышқылы эйкозан қышқылы 77 қанықпаған 16 пальмити н қышқылы (9Z)- гексадекен қышқылы 0 18 олейн қышқылы (9Z)-октадекен қышқылы 13 18 линол қышқылы (9Z,12Z)- октадекадион қышқылы -5

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==