331 26. Глюкозаның көміртегі атомдарының саны пируваттың карбоксилді тобына ауысқанда қанша болады? 27. Глюкоза анаэробты жағдайда этанолға ыдырағанда қанша көміртегі атомы болады? 28. 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылды ацил-КоА β-тотығуынан қанша молекула ацетил-КоА алынады? 29. 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылды ацил-КоА бір молекуласының толық метаболизмінен қанша молекула СО2 алынады? 30. 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылды ацил-КоА бір молекуласының βтотығуынан қанша молекула АТФ алынады? 31. 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылды ацил-КоА бір молекуласының βтотығуынан қанша молекула НАДН жəне ФАДН2 алынады? 32. 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылды ацил-КоА бір молекуласының βтотығуында түзілетін НАДН жəне ФАДН2 қанша АТФ молекуласы алынады? 33. 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылды ацил-КоА бір молекуласының толық метаболизмінен (катаболизмнің төртінші сатысы) қанша молекула АТФ алынады? 34. Глюкоза молекуласының толық метаболизмінен қанша молекула АТФ түзіледі? (катаболизмнің төртінші сатысы). (Ескерту: НАДН бір молекуласы ацетил-КоА өзгеретін əр пируват молекуласынан түзіледі). 35. Көптеген май қышқылдарында көміртегі атомдарының жұп саны болады жəне ацетил-КоА толық метаболизденеді. Көміртегі атомдары тақ санды май қышқылдары ацетил-КоА жəне 1 эквивалент пропионил-КоА дейін метаболизденеді. Келесі реакцияда пропионил-КоА лимон қышқылы цикліндегі аралық өнім сукцинил-КоА өзгереді де, ары қарай метаболизденеді. Фермент қатысындағы əр реакцияға коферменттер қатысады. Əр сатыдағы коферментті анықтаңыздар. Дəрумендер қандай коферменттерден алынады? глюкоза пропионил-КоА метилмалонил-КоА сукцинил-КоА
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==