330 арқылы жүреді. Катаболизм төрт сатыда жүреді. Бірінші сатыда майлар, көмірсулар жəне ақуыздар май қышқылдары, моносахаридтер жəне амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Екінші сатысында бірінші сатыда алынған өнімдер лимон қышқылы цикліне кіретін қосылыстар түзіледі (үшінші саты). Лимон қышқылы цикліне кіруі үшін қосылыстар лимон қышқылы цикліндегі аралық өнімдер, ацетил-КоА немесе пируват болуы керек. Катаболизмнің екінші сатысында май қышқылды ацил-КоА β-тотығу арқылы ацетил-КоА өзгереді. Төрт сатылы реакция барлық май қышқылы ацетил-КоА толық өзгермегенше қайталана береді. Катаболизмнің екінші сатысында глюкоза 10 сатыдан тұратын гликолиз деп аталатын реакцияда пируваттың екі молекуласына өзгереді. Қалыпты жағдайда (аэробты) пируват ацетил-КоА өзгеріп, соңынан лимон қышқылы цикліне түседі. Амин қышқылдары катаболизмнің екінші сатысында ацетил-КоА, пируват немесе лимон қышқылы цикліндегі аралық өнімдерге дейін ыдырайды. Біздің ағзамызға түскен амин қышқылдары энергияға жəне ақуыздар мен ағзаға қажетті басқа қосылыстардың синтезіне жұмсалады. Лимон қышқылының циклі катаболизмнің үшінші сатысы. Ол ацетил-КоА əр молекуласындағы ацетил тобын екі молекула СО2 дейін ыдырататын сегіз реакциядан тұрады. Метаболиттік энергия АТФ энергиясымен өлшенеді. Тотықтыру арқылы фосфорлауда катаболизмнің екінші жəне үшінші сатысында əр НАДН жəне ФАДН тотығу реакциясының нəтижесінде сəйкесінше үш жəне екі молекула АТФ түзіледі. ЖАТТЫҒУЛАР 20. Келесі жағдайлардағы анаболиттік немесе катаболиттік жолдарды көрсетіңіздер: а. Энергияны АТФ түрінде бөледі. ə. Алдымен тотығу реакциялары жүреді. 21. Галактоза гликолиттік циклге кіреді, бірақ ол алдымен АТФ əрекеттесіп галактоза-1-фосфат түзеді. Осы реакция механизмін көрсетіңіздер. 22. Пируват гликолиздің оныншы реакциясындағы жеңіл бөлінетін топ. Бұл топ не себепті жеңіл бөлінеді? 23. Пируват НАДН қатысында лактатқа дейін тотықсызданады. НАДН-тан қандай сутегі атомы лактатқа беріледі? 24. Лимон қышқылы циклінде қандай реакцияда жаңа асимметриялық орталығы бар өнім түзіледі? 25. Егер 3-фосфоглицераттағы фосфор атомы радиоактивті деп белгіленген болса, 2-фосфоглицерат түзілетін реакцияда ол қандай орында радиоактивті болады?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==