329 Осылайша, лимон қышқылы цикліне кіретін ацетил-КоА əр молекуласы үшін циклде НАДН-тан 11 молекула АТФ жəне ФАДН2-ден 1 молекула АТФ түзіледі. 19-ЖАТТЫҒУ Ацетил-КоА молекуласы СО2 дейін ыдырағанда тотығып, фосфорлау арқылы НАДН жəне НАДН2 түзілгенде қанша молекула АТФ түзіледі? 18.9 АНАБОЛИЗМ Анаболизмді катаболизмге кері процесс деп қарастыруға болады. Анаболизмде ацетил-КоА, пируват жəне лимон қышқылы цикліндегі аралық өнімдер май қышқылдары, көмірсулар жəне амин қышқылдары синтезінің бастапқы өнімдері түзіледі. Биологиялық жүйелердегі май қышқылдары мен ақуыздар синтезінің механизмі 13.11 жəне 20.8-бөлімдерде қарастырылған. НЕГІЗГІ ЗАТ АЛМАСУ Сіздің негізгі зат алмасуыңыз (НЗА) бұл сіздің күнделікті жұмсайтын калорияңыз. Адамның НЗА жынысына, жасына жəне генетикасына байланысты. Ол əйелдерге қарағанда ер адамдарда, ал үлкен адамдарға қарағанда жастарда көп болады. Кейбір адамдардың туылған кезінен бастап зат алмасу процесі жылдам жүреді. Сондай-ақ НЗА организмдегі майдың мөлшеріне де əсер етеді. Майдың мөлшері көп болған сайын НЗА процесі төмен болады. Адамдар үшін орташа НЗА 1600 ккал /күніне. Сондай-ақ калорияның көп мөлшері негізгі зат алмасуды қалыпты ұстау үшін, физикалық күш түскенде энергия алу үшін де қажет. Сіз неғұрлым белсенді болсаңыз сол салмағыңызды ұстап тұру үшін энергияны көбірек жұмсайсыз. НЗА қажетті энергия мөлшерінен артық мөлшердегі энергияны пайдалансаңыз, онда сіз артық салмақ қосасыз. Егер аз қабылдасаңыз керісінше салмақ жоғалтасыз. ҚОРЫТЫНДЫ Метаболизм тірі ағзадағы энергия алу мен қажетті қосылыстар синтезделетін реакциялар. Метаболизмді екіге бөлуге болады: катаболизм жəне анаболизм. Катаболиттік реакциялар күрделі молекулаларды энергия алу үшін қарапайым молекулаларға дейін ыдыратады. АТФ – химиялық энергияның негізгі шикізат көзі. АТФ арқылы жеңіл бөлінетін топ кетіп реакцияның жүруіне жағдай жасайды, ал егер нашар бөлінетін топ болса реакция жүрмейді. Бұл реакция фосфорангидридтік байланыстың үзілуінен АТФ фосфат тобының нуклеофилге берілуі 3НАДН + ФАДН2 + АТФ 3НАД + + ФАД + 12АТФ Тотығу арқылы фосфорланғанда əр НАДН молекуласы 3 молекула АТФ жəне ФАДН2 əр молекуласынан екі молекула АТФ түзіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==