328 тобын ферментке береді де, кейіннен оны гуанозин-дифосфатқа (ГДФ) беріп, гуанозин трифосфат (ГТФ) түзіледі. ГТФ фосфат тобын АДФ беріп АТФ түзіледі. 6. Алтыншы реакцияда ФАД сукцинатты фумаратқа дейін тотықтырады, ол реакцияны біз 17.6-бөлімде қарастырғанбыз. 7. Фумараттың (S)-малат формасының қос байланысына судың қосарлана қосылуы (12.10-бөлім). Біз не себепті бір ғана энатиомердің түзілетіндігін 6.14бөлімде көргенбіз. 8. Оксалоацетаттың (S)-малат формасының екіншілік спирттік тобының тотығып, циклдің бастапқы қалпына келуі. Оксалоацетат басқа ацетил-КоА молекуласымен əрекеттесіп оның ацетил тобын екі СО2 молекуласына дейін түрлендіру үшін циклді қайтадан бастайды. Лимон қышқылы циклінің 6, 7 жəне 8 реакцияларының май қышқылдары тотығатын 1, 2 жəне 3 реакцияларына ұқсас екендігіне назар аударыңыздар (18.3бөлім). 16-ЖАТТЫҒУ Изоцитраттың қандай функционалдық тобы лимон қышқылы циклінің үшінші реакциясында тотығады? 17-ЖАТТЫҒУ Лимон қышқылының цикліне кіретін ацетил-КоА молекуласының əрқайсысынан қанша СО2 молекуласы түзіледі? 18-ЖАТТЫҒУ Лимон қышқылының циклі үш карбон қышқылының циклі деп те аталады. Лимон қышқылы цикліндегі қандай аралық қосылыстар үш карбон қышқылдарына жатады? 18.8 ТОТЫҚТЫРУ АРҚЫЛЫ ФОСФОРЛАУ Лимон қышқылы циклінің əр сатысында 3 молекула НАДН, 1 молекула ФАДН2 жəне 1 молекула АТФ түзіледі. НАДН жəне ФАДН2 молекулалары катаболизмнің төртінші сатысында тотығып, фосфорланады да қайтадан ФАД тотығады. Тотығу арқылы фосфорланатын əр НАДН-тан 3 молекула АТФ жəне ФАДН2-ден 2 молекула АТФ түзіледі. ГДФ ГТФ НАДН НАД+ + ФАДН2 ФАД + 2АТФ 3АТФ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==