327 3. Үшінші реакция да екі сатыдан тұрады. Бірінші сатыда НАД+ изоцитраттың екіншілік спирттік тобы кетонға дейін тотықтырады. Екінші сатыдан кетоннан СО2 тобы бөлінеді. Біз СОО- тобы аралас көміртегімен байланысқанын жəне электрондардың карбонилді оттегінде делокализацияланатындықтан карбонилді көміртегінің бөлінетіндігін көрдік (13.8-бөлім). Алынған енолят ионы кетонға таутомерленеді (13.3-бөлім). 4. Төртінші реакция ол да тотығу реакциясы. Бұл реакцияда екінші СО2 молекуласы бөлінеді. Оған ферменттер тобы мен пируват дегидрогеназа жүйесіне қажетті ацетил-КоА түзетін бес кофермент керек (18.5-бөлім). Реакция өнімі сукцинил- КоА. 5. Бесінші реакция екі сатыда жүреді. Сукцинил фосфат түзілуі үшін фосфаттың сутегі атомы нуклеофилді ацилді орынбасу реакциясына түсіп сукцинил-КоА-мен əрекеттеседі (11.5-бөлім). Сукцинил фосфат өзінің фосфат
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==