Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

323 Катаболизмнің екінші сатысында амин қышқылдары ацетил-КоА, пируват немесе амин қышқылдарына байланысты лимон қышқылы циклінің аралық өніміне өзгереді. Бұл катаболизмнің екінші сатысындағы өнімдер лимон қышқылының цикліне кіреді. Ал катаболизмнің үшінші сатысында ары қарай метаболизм үрдісі жүреді. Біз мысал ретінде фенилаланиннің сіңірілгеннен кейінгі катаболизмін қарастырамыз (18.4-сурет). Фенилаланин алмастырылмайтын амин қышқылы, сондықтан ол біздің тамақ рационымызда болуы керек (16.1-бөлім). Фенилаланин гидроксилаза ферменті фенилаланинді тирозинге өзгертеді. Осылайша тирозин егер біздің рационымызда фенилаланин жетіспесе алмастырылмайтын қышқыл болмайды. Амин қышқылдары катаболизмінің алғашқы реакциясы көбінесе амин қышқылдарының амин тобы кето топпен алмастырылатын трансаминдеу реакциясы (17.9-бөлім). п-Гидроксифенилпируват фумарат пен ацетил-КоА реакцияларында түзілетін тирозиннің туындысы. Фумарат лимон қышқылы цикліндегі аралық өнім, сондықтан ол лимон қышқылы цикліне кіреді, ал ацетил-КоА циклге цитрат түзуі үшін оксалоацетатпен əрекеттесуі арқылы түседі (18.7-бөлім). Бұл катаболизм жолдарының əр реакциясы басқа ферменттер қатысында жүреді. 18.4-сурет Фенилаланиннің катаболизмі фенилаланин фенилаланин гидроксилаза тирозин аминотрансфераза тирозин п-гидроксифенилпируват меланин норадреналин гомогентисат адреналин фумарат ацетил-КоА гомогентисат диоксигеназа п-гидроксифенилпируват диоксигенаназа ФП

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==