Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

322 катализденеді. Біз коферменттердің бірі тиаминпирофосфат екендігін көрдік. Кофермент бір бөліктегі екі көміртегі атомын екінші бөлікке тасымалдауда катализатор болатын ферменттің құрамына кіреді (17.7-бөлім). Бұл реакцияда пируваттағы ацетил тобының екі көміртегі атомы коэнзим А-ға ауысады. Біз жаңа ғана анаэробты (оттексіз) жағдайда пируваттың лактатқа тотықсызданбайтындығын көрдік. Мұндай жағдайда ашытқыда пируват басқаша өзгеріске ұшырайды. Ол ацетальдегидке пируват декарбоксилаза ферменті қатысында декарбоксилденеді. Ал тиаминпирфосфатқа қажетті ферментпен реакция механизмі 17.7-бөлімде қарастырылған. Бұл жағдайда НАДН НАД+ дейін қайтадан тотығуы арқылы адамдар өте ертеден шарап, сыра жасау процесінде қолданатын ацетальдегидтен этанолдың түзілуіне əкеледі.  10-ЖАТТЫҒУ Пируват лактатқа өзгергенде пируваттың қандай функционалдық топтары тотықсызданады?  11-ЖАТТЫҒУ Пируват ацетальдегидке дейін өзгергенде қандай кофермент қолданылады?  12-ЖАТТЫҒУ Ацетальдегид этанолға дейін өзгергенде ацетальдегидтің қандай функционалдық тобы тотықсызданады?  13-ЖАТТЫҒУ Ацетальдегидтің НАДН қатысында этанолға дейін тотықсыздану реакциясының механизмін көрсетіңіздер. (көмекке: 17.5-бөлімді қараңыздар). 18.6 АҚУЫЗДАРДЫҢ КАТАБОЛИЗМІ Ақуыздардың катаболизмінің бірінші сатысында ақуыздар амин қышқылдарына дейін гидролизденеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==