321 8-ЖАТТЫҒУ а. Гликолиздің қандай сатысына АТФ қатысады? ə. Гликолиздің қандай сатысында АТФ түзіледі? ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Глюкозаның пируватқа метаболиттік ыдырауында глюкозаның əр молекуласынан қанша АТФ молекуласы түзіледі? Біз алдыменен глюкозаның пируватқа өзгеруіне жұмсалатын АТФ мөлшерін есептеуіміз керек. Біз оның екі молінің қолданылатынын көрдік: бірі глюкоза1-фосфат түзілуіне жəне екіншісі фруктоза 1,6-дифосфат түзілуіне жұмсалады. Ары қарай қанша АТФ түзілетінін білуіміз керек. Пируватқа дейін ыдырайтын əрбір 3-фосфат глицерин альдегиді екі молекула АТФ түзеді. Глюкозаның əр молекуласы екі молекула 3-фосфат глицерин альдегидін түзетіндіктен, əр глюкоза молекуласынан 4 АТФ түзіледі. Қолданылған молекулаларды есептей отырып, біз глюкозаның əр молекуласының пируват жəне екі АТФ өзгеретіндігін көреміз. Енді 9-жаттығуға ауысайық. 9-ЖАТТЫҒУ 1 моль глюкоза НАД+ қатысында қанша моль пируватқа өзгереді? 18.5 ПИРУВАТТЫҢ ТҮРЛЕНУІ Біз НАД+ гликолиз реакциясында тотықтырғыш ретінде қолданылатындығын көрдік. Егер гликолиз реакциясы жалғаса беретін болса тотығу реакциясының нəтижесінде НАД+ тотығып НАДН түзіледі де, қайтадан реакцияны жалғастыруда тотықтырғыш болуы үшін қайтадан НАД+ тотығуы керек. Егер реакцияда оттегі болса, бұл НАДН қайтадан НАД+ тотықтыратын тотықтырғыш; бұл катаболизмнің төртінші сатысында жүреді. Егер мысалы, бұлшық ет жасушаларының белсенділігі артқанда барлық оттегі жұмсалатын жағдайдағыдай реакцияда оттегі болмаса пируват НАДН НАД+ кері тотығуына жұмсалатындықтан гликолиз өнімі ретіндегі пируват түзілмейді. Процесс барысында пируват лактатқа дейін (сүт қышқылы) тотықсызданады. Бұлшық еттегі жиырылуға жауап беретін сүт қышқылының жинақталуын сіздер физикалық күш түскенде байқайсыздар. НАДН пируваттың тотығуына қажетті оттегі бар қалыпты жағдайда (аэробты) ацетил-КоА өзгереді де, ол ары қарай лимон қышқылының цикліне түседі. Бұл үш фермент пен бес коферментті қажет ететін реакция пируват-дегидрогеназамен
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==