320 7. Жетінші реакцияда 1,3-дифосфоглицерат АДФ фосфат тобын беріп, АТФ жəне 3-фосфорглицерат түзіледі. 8. Сегізінші изомерлену реакциясында 3-фосфоглицерат 2-фосфоглицератқа өзгереді. Реакцияда катализатор рөлін атқаратын ферменттің амин қышқылды бүйір тізбегінде фосфат тобы болады. Ол 3-фосфоглицераттың 2-орнына ауысып екі фосфорлы тобы бар аралық қосылыс түзіледі. Аралық қосылыс 3-орындағы фосфат тобын ферментке береді. 9. Тоғызыншы ракция фосфоенолпируват түзілетін дегидратация реакциясы. Ферменттің белсенді орталығындағы қышқылмен протонданған топ жеңіл бөлінеді (10.2-бөлім). 10. Гликолиздің соңғы оныншы реакциясында фосфоенолпируваттан фосфат тобы АДФ-қа ауысып, АТФ жəне пируват түзіледі. 7-ЖАТТЫҒУ Гликолиздің үшінші реакциясының механизмін көрсетіңіздер: фруктоза-6-дифосфат пен АТФ реакциясынан фруктоза-6-дифосфаттың түзілуі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==