319 1. Гексокиназа 2. Фосфоглюкоза изомераза 3. Фосфофруктокиназа 4. Альдолаза 5. Трифосфат изомераза 6. Глицеральдегид-3-фосфатдегидрогеназа 7. Фосфоглицераткиназа 8. Фосфоглицерат мутаза 9. Енолаза 10. Пируваткиназа. Глюкоза екі молекула пируватқа өзгереді. 1. Бірінші реакцияда глюкоза біз 18.2-бөлімде қарастырған глюкоза-6- фосфатқа өзгереді. 2. Глюкоза-6-фосфат ары қарай реакция механизмі 17.2-бөлімде қарастырылған фруктоза-6-фосфатқа изомерленеді. 3. Үшінші реакцияда АТФ екінші фосфорлы топ фруктоза-6-фосфатқа ауыстырады. Реакция өнімі фруктоза-1,6-дифосфат. 4. Төртінші реакция альдольді қосылу реакциясына кері реакция. Біз бұл реакция механизмін 17.3-бөлімде қарастырғанбыз. 5. Төртінші реакцияда түзілген дигидроксиацетон фосфат енол түзіп, содан кейін 3-фосфат глицерин альдегидіне өзгереді (егер С-1-дегі ОН тобы таутомерленсе). Бұл реакцияны 15.5-бөлімде берілген негіз қатысындағы қайта топтасу реакциясымен салыстырыңыздар. Осылайша, D-глюкозаның əр молекуласы 3-фосфат глицерин альдегидінің екі молекуласына өзгереді. 6. 3-Фосфат глицерин альдегидінің альдегидтік тобы тотығып 1,3-дифосфатглицерат түзіледі. Бұл реакцияда альдегид карбон қышқылына дейін тотығып, ары қарай одан фосфор қышқылының күрделі эфирі түзіледі. Дигидроксиацетон енол 3-фосфат глицерин
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==