317 1. Бірінші реакцияда α- жəне β-көміртегі атомдарынан тотығу нəтижесінде сутегі бөлініп β-қанықпаған май қышқылды ацил-КоА байланысы түзіледі. ФАД тотықтырғышы негізінен карбонилді тотықтыруда қолданылады (17.6-бөлім). Бұл реакцияда катализатор рөлін атқаратын фермент 10% сəбилердің кездейсоқ өліміне əкелетіндігі анықталған. 2. Екінші реакция қосарланған α, β-қанықпаған май қышқылды ацил-КоА судың қосылу реакциясы (12.10-бөлім). 3. Үшінші реакция тағы да бір тотығу реакциясы: НАД+ екіншілік спиртті кетонға дейін тотықтырады. 4. Төртінші реакция енолды таутомерді кето таутомерге өзгерететін Кляйзен конденсациясына кері реакция (13.7-бөлім). Соңғы өнім бастапқы май қышқыл ацил-КоА салыстырғанда құрамында екі көміртегі атомына кем ацетил-КоА мен май қышқылды ацил-КоА түзіледі. Бұл реакция механизмі төменде көрсетілген. Төрт реакция қайталанып бастапқы өніммен салыстырғанда төрт көміртегі атомына кем ацетил-КоА мен май қышқылды ацил-КоА түзіледі. Əр жолы осылай төрт реакция сатылары қайталанған кезде май қышқылды ацил-КоА-нен (ацил-КоА сияқты) тағы да екі көміртегі атомы бөлініп отырады. Реакция сатылары май қышқылы толық ацетил-КоА молекуласына өзгергенше қайталанады. Біз ацил-КоА лимон қышқылы цикліне түсіп оксалоацетатпен əрекеттесіп басқа лимон қышқылы цикліндегі (аралық лимон қышқылды цикл) аралық өнім цитратты түзетінін көреміз (18.7-бөлім). 4-ЖАТТЫҒУ Не себепті ОН тобы майлар катаболизмінің екінші реакциясында α-көміртегіне емес βкөміртегіне қосылады? (Көмекке: 12.10-бөлімді қараңыздар). 5-ЖАТТЫҒУ Пальмитин қышқылы құрамында 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылы. 1 моль пальмитин қышқылының катаболизмінен қанша моль ацетил-КоА түзіледі? 6-ЖАТТЫҒУ 1 моль пальмитин қышқылының β-тотығуынан қанша моль НАДН түзіледі? май қышқылды ацил-КоА (2 көміртегіне кем) ацил-КоА Май қышқылдары ацетил-КоА молекулаларына өзгереді
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==