Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

315 Глицерин-3-фосфаттың екіншілік спирт тобы кетонға дейін тотығып тотықтырғыш болады. Бұл реакцияда катализатор рөлін атқаратын фермент глицерол фосфатдегидрогеназа деп аталады. Дегидрогеназаның субстратты тотықтыратын фермент екендігін естеріңізге саламыз (17.5-бөлім). Реакция өнімі дигидроксиацетон фосфат гликолиз қосылыстарының біріне жатады, сондықтан ол осы жолмен реакцияға түсіп ыдырайды (18.4-бөлім). Биохимиялық реакцияларда біріншілік реагенттер мен біріншілік өнімдердің құрылысы көрсетілетіндігіне назар аударыңыздар. Басқа реагенттер мен өнімдер қысқартылған жəне реакция меңзерімен қиылысатын қисық меңзермен көрсетілгендігіне қараңыздар.  2-ЖАТТЫҒУ Глицериннің АТФ əрекеттесіп глицерол-3-фосфат түзу реакциясын көрсетіңіздер.  3-ЖАТТЫҒУ Глицерин-3-фосфаттың асимметриялық орталығы R конфигурациялы. (R)-глицерин3-фосфаттың құрылысын көрсетіңіздер. Май қышқылы метаболизденеді, тиоэфирге өзгеруі арқылы белсенділігін арттыру керек (17.7-бөлім). Май қышқылының белсенділігінің арттырылу механизмі 317-бетте көрсетілген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==