Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

5. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі басқарушылык шешімдер 161 Ықтималдылық - бұл нақты бір нәтижені алу мүмкіндігі. Ықтималды анықталған жағдайда шешім қабылдау анықталмаған, бірақ әр баламаның ықгималдығы белгілі болады. Қандай да бол- масын жағдайдың қтималдылығы 0-ден 1,0-ге дейін ауытқиды не- месе мүмкін емес деп есептеледі. Егер ықтималдық 0-ге тең болса, онда жағдай мүмкін емес деп есептеледі. Егер де ықтималдық 1-ге тең болса, онда жағдай сенімді деп анықталады. Ықтималдық кез- дейсоқ жағдайларды болжауға мүмкіндік береді. Белгісіздік жағдайында шешім қабылдау дегеніміз бола- шақтағы нәтижелердің ықтималдығын бағалай алмайтын жағдай- да шешімдерді әзірлеу. Белгісіздік - тәуекелділікгің пайда болуының басты себепкері. Сондықтан кәсіпорын басшысының басты міндеті кәсіпорын қы- зметімен байланысты орын алған тәуекелділікті тудыратын бел- гісіздік көлемін азайту болып табылады. Шаруашылық жағдай- дағы белгісіздік мына факторларға негізделеді: толық ақпараттың жоқтығы, кездейсоқтық және қарсы әрекет. Шаруашылық жағдай және оның келешегін өзгерту туралы то- лық ақпаратының жоқтығы кәсіпкерді жетіспейтін қосымша ақпа- ратты іздестіруге, ал егер ондай мүмкіншілік болмаған жағдайда, өзінің тәжірибесіне, ішкі түйсігіне сүйене отырып, тәуекелге бел буып шешім қабылдауға итермелейді. Анықталмағандықтың ең жоғарғы шамасы әлеуметтік-мәдени, саяси және ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларда кездеседі. 1. Басқарушылық шешімдерін әзірлеу, қабылдау және іске асыру рәсімдері. Басқарушылық шешімдерін әзірлеу, қабылдау және іске асыру рәсімдері сегіз кезеңнен тұратын үздіксіз тұйық циклды қүрайды (5.1 суретті қараңыз). Басқарушылық шешімдерін әзірлеудің бірінші кезеңінде нақты мәселені анықтау мақсатында нақты басқару жағдаяттарына талдау жасалады. Екінші кезеңде анықталған мәселені сәйкестендіру жүр- гізіледі. Сәйкестендірудің нәтижесі болып анықталған мәселеге келесідей дәрежелерді белгілеу табылады: «дәстүрлі мәселе» не- месе «әдеттегі емес мәселе». Дәстүрлі мәселелерге өнім өндірісі 11 -3/41-17

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==