Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

160 Тәуекел-менеджмент сымен таңдау мәселесі. Бейімдік мәселелердің шешімін дәстүрлі нұсқамен қатар жаңа, өзгеше әрекеттеді қажет етеді. Жаңашылдық мәселелер түбегейлі жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Қабылдау кезеңінде мүмкін баламалардың тандау критерий- лер! мен анағүрлым оңтайлы шешімдері жасалады, кейіннен бас- шылықпен не құзырлы мамандармен келісіледі. Іске асыру кезеңінде орындалуы бақыланып, қажет болса тү- зетулер енгізіледі және алынған нәтижелер бағаланады. Басқару шешімдерін қабылдауда үш козкарас бар: жүйелік, жағдайлық және ресурстық. Жүйелік көзқарас - нақты мәселені шешуде үйым алдында тұрған барлық мәселелер шешімінің жиынтығы қарастырылады. Жағдайлық көзқарас - мәселені шешуде қандай да бір әдісті қолдануды болған жағдай анықтайды. Ресурстық көзқарас - мәселені шешуде ұйымның ресурстарын тиімді бөлуді қолдануды қарастырады. Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негіз- делген және тиімді сипаты болады. Интуитивтік шешім - бүл бір нәрсенің дұрыстығын сезінуге негізделген тандау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама нұсқаларға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Пайымдауға негізделген шешім - бүл білімге немесе жи- нақталған тәжірибеге негізделген тандау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабыл- даудың біршама артықшылықтары бар. Шешім қабылдау әртүрлі жағдайларда да болуы мүмкін - анықталған, ықтималды анықталған (тәуекелдің), белгісіздік жағдайында. Анықталған жағдайда шешім қабылдау деп басшының әр- бір тандалған нұсқа бойынша балама нәтижесін білуін айтамыз. Анықталған жағдайда шешім қабылдаудың келесідей ерекшелік- тері бар: шешімдерді әзірлеудің жылдамдығы артады; дұрыс тандау жасау үшін қажетті шығындар азаяды; сандық әдістердің кең түрін қолдануга болады; басшылық әрбір шешімнің нәти^сесін нақты біледі. 'X. j

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==