Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

5. Тәуекел-менеджмент жүйесіңдегі басқарушылық шешімдер 159 5 ТАҚЫРЫП. ТӘУЕКЕЛ - МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР Басқарушылық шешімдер үіымы және оның мәні 1. Басқарушылық шешімдер ұғымы 1. Басқарушылық шешім - бұл ұйым мақсатына жетуге бағыт- талған және басшының лауазымдық өкілеттігі мен құзырлығы шеңберінде ол жүзеге асырған баламаларды таңдау. Әрбір басшының қызметі компанияда оның лауазымдық мін- детгерін орындау шеңберінде шешімдерді әзірлеумен және жүзеге асырумен байланысты. Шешім қабылдау басқару үрдісінің міндетті, қажетті бөлі- гі. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуі- не, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Басқару шешімінің ең маңызды белгісі - өн- діріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады. Шешім туын- даған мәселе болған жағдайда қабылданады. Басқару шешімін қа- былдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған мәселелерді шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы өрістік міндет- терді кезең - кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Басқару шешімдерінің дайындық кезеңінде шешуді қажет ететін мәселелерді анықтау, сәйкестендіру және жағдаяттарға эко- номикалық талдау жасалады. Мәселенің күрделігіне байланысты жоспарлы, таңдаулы, бей- імдік және жаңашылдық деп бөлінеді. Жоспарлы деп шешімін алдын ала ойластырылған ережелер мен үрдістер негізінде табуға болатын мәселелерді жатқызуға бо- лады. Таңдаулы - бірнеше баламаның ішінен басшының бастама-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==