Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
162 Тәуекел-менеджмент көлемін анықтау, кәсіпорын персоналының тиімді санын анықтау, коммерциялық тиімді жобаны таңдау және т.б. жатқызуға болады. Ал әдеттегі емес мәселеге басшылық өте сирек кездесетін мәселе- лерді (тоқырау, апат жағдайлар) және т.б. айтамыз. Басқару шешімдерін әзірлеудің үшінші кезеңінде басқару шешімдерін қабылдауда таңдау критерийлерін жасау жүргізіледі, яғни солардың негізінде мәселелерді шешу нұсқаларының салы- стырулары мен бағалануы жүргізіледі. Мысалы, басшылықтың ал- дында шығарылатын өнімнің көптүрлігін жаңарту мәселесі тұрса, негізгі критерийлерге өзіндік қүн, дизайн, технологиялық және т.б. түруы мүмкін. Төртінші кезеңнің аясында мәселе шешімдерінің баламасы дайындалады. Көбіне бұл жұмыспен басшы орынбасары немесе басқару аппараты айналысады. Дайындалған жобалар қабылдана- тын жобаның шешімі ретінде дайындалып басшылықтың қарауы- на ұсынылады. Бесінші кезеңде басшы бекітілген таңдау критерийлері не- гізінде ең үтымды деген жобаны таңдайды. Алтыншы кезеңде басшы таңдаған жоба туралы келісім қа- былданады. Келісімділік нәтижесі болып таңдалған жобаны соңғы рет бекіту табылады. Жетінші кезенде бекітілген жобаны жүзе асыру және оның ло- гикалық жалғасы болып сегізінші кезең, яғни жобаның нәтижесін бақылау мен бағалау саналады. 2. Белгісіздік жағдайлары мен тәуекел аймақтары Тәуекел менеджмент жүйесінде басқару шешімдерін қабылда- удың маңызды элементі болып тәуекел деңгейі мен алдағы уақыт- тағы кірістердің теңгерілімі саналады. Болжамды кіріс пайызы жоғары болған сайын менеджер соғұрлым үлкен тәуекелге барады. Тәуекел дәрежесін бағалауда профессор Максимцов ұйымның қызметін төрт негізгі аймаққа бөлуді үсынады: тәуекелсіз аймақ, тәуекелдің мүмкін аймағы, тәуекелдің сыни аймағы, тәуекелдің апат аймағы.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==