Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
4. Тәуекелдерді қаржыландыру 155 Ауытқудың қолданбалығын бағалау үшін вариация коэффици ент! (Г = а IX ) қолданылады. Сонымен катар вариация коэффици- ентінің келесідей ауытқу межелігі келтіріледі:: 0,1 дейін-нашар; 0,1-ден 0,25-ке дейін - бірқалыпты; 0,25- асса- жоғары. Банкроттық тәуекелді анықтау үшін коэффициенттің жарам- дылығын бағалауда бір - біріне қарама қайшы келмейтін көзқарастар бар. Авторлардың бір тобы тәуекелдің оңтайлы коэффициент! ретін- де - 0,3, ал банкроттыққа ұшырататын тәуекел коэффициент! - 0,7 жоғары дейді. Кейбір дереккөздерде межеліктің келесі өрбуі көр- сетіледі: - жарамды тәуекел - до 0,25; - рүқсат етілген тәуекел - 0,25 - 0,50; - сыни тәуекел - 0,50 - 0,75; - апатты тәуекел -0,75 -тен жоғары. Түгелге жуық авторлардың ойлары бойынша коэффициенттің 0,3 пен 0,7 мәні аралығында банкротқа ұшыраудың жоғары тәуекел аймағы орналасқан. Біздің ойымызша құрылуы жағынан жақын және тәуекелді бағалауда тәжірибелік қолданысы бар межеліктер «Рынок и риск» және «Риски в современном бизнесе» атты оқулықтарда келтірілген. Жоғарыда қарастырылған тәуекелдің сандық бағалау көрсет- кіштері мен оларды анықгау әдістері қандайда бір деңгейде әмбе- бап деуге болады, себебі қажетті ақпарат, уақыт және қаржыларды иелене отырып кәсіпкерлік қызметгің барлық сферасында тәуекедің барлық түрін бағалауға болады. Жиі қолданылатын әдістерге жобаның өзгерістерге сезімтал- дығын және фирманың қаржылық тұрақтылығын бағалауды, ал көр- сеткіштерге сезімталдық коэффициентін, шығынсыздық нүктесін, өтімділік коэффициенты жатқызуға болады. 3. Тәуекелді сақтандыру әдістері Сақтандыру тетігінің ерекшеліктері мен әртүрлі тәуекелдерді басқару қолдану кеңінен «Сақтандыру» курсында оқытылады. Бұл жерде біз тек тәуекелдерді өңдеудің жалпы жүйесінде сақтандыру- дың алатын орнын қарастырамыз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==