Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
156 3? Тәуекел-менеджмент Сақгандыру - тәуекелді басқарудың әдісі ретінде мақсатты сақтандыру қорының ақшалы жарнасы есебінде қалыптастыру се- бебі бойынша мәмілеге қатысушылар арасындағы шығынды қайта- ру мен сақтандыру сомасын төлеу экономикалық қалыптасушының жиынтығын қолдануды ұсынады. Сақтандыру маңыздылығы тәуекелді беруден құралады (нега- тивті салдар нәтижесі үшін жауапкершілік) басқа біреуді белгілі бір марапаттау. Сақтандырушы өз қызметтерін орындау үшін барлық қабылда- натын тәуекелді бір пулга жинақтайды. Көп сандар заңдылығының әрекетіне орай, берілген пулда жиынтық тәуекел болжау жекелеп болжағаннан көрі жеңілдеу болады. Бұл сақтандырушыға оған тәуе- келді бергені үшін төлемнің гөменгі мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді, егер тәуекел иесі тәуекелді өзінде үстап қалу үшін қор жи- нақгаған болса қымбатырақ болар еді. Сақгандырушы мен тәуекелді беруші арасындағы қатынас сақтандыру келісімімен рәсімделеді. Жекелеген жағдайда міндетті сақтандыру келісім шартсыз заң негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру келісім шарты қаржыландыру мақсатында бір жақган екінші жаққа тәуекелді беруді бекіту болып табылады. Сон- дықтан занды тұрғыдан сақтандыру әрқашан тәуекелді табыстау бо лып табылады. Бірқатар жағдайларда сақгандыруды тәуекелді ұстап қалу не- месе қаржыландырудың аралас бағдарламасы ретінде қарастыруға болады (кесте 4.7). Ең қарапайым жағдай: сақтандырушы компаниямен сақтан- дыру шарты жасалады, сақтанушы жақ сақтандыру жарнасын төлейді және сақтандырушы кездейсоқ тәуекел шығыны пайда болған кезде орнын толырады. Сақтанушы жақтың сақтандырушы төлемақыны қайдан және қалай алатындығына қызығушылық та- нытпайды. «Кэп» сақтандыру компанияларымен жағдай күрделірек. Се- бебі өз тәуекелдерін сақтандыру үшін оны ірі кәсіпорындар және қаржы-өнеркәсіптік кешендер құрады. Қүрылтайшылар санына байланысты келесідей түрлері болады: - жалғыз иесі бар кэп сақтандырушы; -ч - бірнеше (үжымдық) иесі бар кэп сақтандырушы.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==