Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

154 Тәуекел-менеджмент Ағымдағы жағдайды стандарттармен салыстыру барысында үш нәтиже пайда блады: стандарттарға сай, темен және жоғары. Аталған нәтижелер не жағдайды, не стандартты өзгертуді талап етеді. Егер барлығы талаптарға сай болса түзетулерді қажет етпейді. Бірақ жағдайдың маңызды өзгерісі кезінде мұндай жақсы жағдай ұзақ уақыт бойы сақталса стандарттардың ескіруі мүмкін, тіпті оларды сақтаудың өзі қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейімен қамтама- сыз етпейді. Егер стандарттарды асыра орындау болса талаптардың төменді- гін білдіруі мүмкін. Немесе нақты қызметкердің жауапты жүмысы- ның оң нәтижесі де болуы мүмкін. Стандарттан ауытқу жаманырақ жаққа ауысса шұғыл түрде қо- сымша шаралар қолдану керек. Бірқатар жағдайда стандарттың өзі- не өзгерістер енгізуге тура келеді, оның себептері келесідей: а) бастапқыдан стандарттарға деген жоғары қойылған талап- тар, қолда бар ресурстар арқылы қол жеткізу мүмкін емес (мысалы, барлық көзделген шараларға қызметкерлердің жетіспеушілігі); ә) фирманың қаржылық жағдайының жақсаруы/нашарлауына байланысты тәуекелдің шекті мәнін өзгерту; б) белгілі тәуекелдердің күшеюі (табиғат апатының күшеюі не ­ месе тәуекелді бағалаудың жаңа әдісі туралы хабарлау); в) жаңа тәуекелдердің пайда болуы (авоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу); г) өңдеу әдістерін қолдану параметрлерінің өзгеруі (сақтанды- рушыға тәуекелді табыстау тиімсіз болатындай сақтандыру тари- фтерінің жоғарлауы); ғ) жаңа өндеу әдістерін дайындау (өрт сөндіру мен қорғаныс дабылдарының жаңа түрлерінің пайда болуы). Аталған өзгерістердің жиі болып түратыны анық. Ол кез келген тәуекелді басқарудың жақсы деген бағдарламасының өзіне үнемі мониторинг пен түзету енгізіп отыруды міндетті етеді. 2. Тәуекедді басқару Тәуекел дәрежесіне баға беретін межелігі, егер тәуекелдің сан- дық критерийі ретінде орта күту шамасы (X) және мүмкін нәтиженің ауыспалығын орта квадратгық ауытқу (а) арқылы белгіленсін.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==