Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

4. Тәуекеддерді қаржыландыру 153 Тәуекедді басқару стандарттары 1. Тәуекедді анықтаудың негізгі тәсіддемелері Мониторинг - тәуекелдерді басқарудың толық үдерісінің маңы- зды бөлігі болып табылады және мұндай жүйенің болуын, сол си- яқты оның қүрауыштарының іске асырылуын бағалайды. Мониторингілеу тәуекелдерді басқару жүйесінің және ныса- налы тексерістердің рәсімдері мен іс-шараларының орындалуын гұрақгы қадағалап отыру жолымен жүзеге асырылады. Нысаналы тексерістердің ауқымы мен жиілігі тәуекелдерді бағалауға және тұрақгы мониторингілеу тиімділігіне байланысты. Кез келген бақылау үрдісі сияқты тәуекелді басқаруды іске асы- руды тексеру де төмендегідей кезендерден тұрады: - тәуекелді басқарудың жетістігі туралы айқындауға болатын стандарттарды белгілеу; - нақгы істің жағдайын осы стандарттармен салыстыру; - стандарттарға сай келмейтін сәттерді түзету (немесе қажет болған жағдайда стандарттардың өзіне өзгерістер енгізу; Тәуекелді басқаруда стандарггардың екі түрі қолданылады: - нәтижелерді бағалау стандарттары; - қызметгерді бағалау стандарттары. Бірінші түрдегі стандарттар нақты алынған нәтижелерді бел- гілер арқылы бағалайды. Бұл өте саналы көзқарас, көптеген қыз- мет түрлерінде қолданылады. Бірақ тәуекелді басқаруда нәтижелері көптеген кездейсок нәтижелерге тәуелді. Тәуекел менеджерінің жұмысы жыл өткен сайын біркелі шаралардан қалыптасуы мүмкін. Ешқандай жағдай болмағанда жылы- өте жақсы, ал сәтсіздікке үшы- раған жылы - қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Нәтижелерді бағалау стандарттары жиі, үнемі қайталанып оты- ратын тәуекелдерді басқаруға келеді. Қызметтерді бағалау стандарттары бірінші кезекте тәуекелді басқаруда не және қалай жасалу керектігін реттейді. Келтірілген әрекетгерді орындау жақсы нәтижеге әкеледі деп болжанады. Олар қандай тексерулер, қандай жиілікте жүргізілу және ескерту шарала- ры қалай орындалуы керектігін белгілейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==