Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

4. Тәуекелдерді қаржыландыру 3® 149 шығындар орын алған кезде компания басшылығы несиелің ресур- старды тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Қарызға алынған қаржылар арқылы тәуекеді қаржыландырудың екі көзқарасы бар. Бірінші нұсқа - егер тәуекел іске асқан жағдайда кредитормен несиелендіру механизмін алдын ала келісіп коюға болады. Бірақ мұндай көзқарас болашақ несие мөлшерін алдын ала келісім не- гізінде бекітіп қоюды қажет етеді. Алайда нақты мәні келісілген мөлшерден ауырлау болуы мүмкін, компания қарыз мөлшерінен асатын қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге мәжбүр болады. Екінші нұсқа - алдын ала келісімге отырмай, шығын орын алған кезде барлық үрдісті өтуге болады. Бүл жағдайда компания шығынның орнын жабу үшін қажетті сома мөлшерін нақты білетін болады. Бірақ маңызды мәселе келесідей. Тәуекел іске асқан жағдайда фирманың толем қабілеттілігі қатты зардап шегуі мүм- кін, несие алатын ұйым оған сенімсіздік танытып, фирма керекті несие мөлшерін ала алмайды немесе несие шарттарына қанағат- танбайды. Бір қарағанда қарызға алынған қаржылар - сыртқы көздер, олар арқылы тәуекелді қаржыландыруда оны ұстап тұру емес тәу- екелді тапсыру тәрізді. Алайда қарызға алынған қаржыларды ком ­ пания пайыз үстемесімен қоса қайтаруға міндетті. Демек компа ­ ния пайда болған шығынды өзі жабады, тек оларды төлеу тәртібін ғана өзгертеді. 3. Тәуекелді ұстап қалу Үйымдастырылу ерекшеліктеріне байланысты тәуекелді үстап тұру кезінде қаржыландыру формалды және формалды емес үстап қалулар болып екіге бөлінеді. Формалды ұстап қалулар барысында анықталған формалды үрдістер негізінде кездейсоқ пайда болған шығындар есебі жүр- гізіледі (барлық сақгандыру компанияларындағы сияқты). Кейбір дереккөздерде мұндай ұстап қалуларды «өзін- өзі сақтандыру» деп те берілген. Бірақ мұндай реттеу жүйесі қосымша әкімшілік шығындарды қажет етеді. Бір қатар жағдайларда компаниялар сы- рттан ұйымдарды тартуы мүмкін (аутсорсингті қолдану).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==