Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

148 J€ Тәуекел-менеджмент 2. Тәуекедді қаржыландыру көздері Ағымдағы кіріс арқылы тәуекелді қаржыландыру. Қаржылан- дырудың бұл нұсқасы кездейсоқ тәуекелдер үшін жақсы, себебі есепті кезеңнің ағымдық нәтижелеріне маңызды зияны тимейді. Бұл нұсқаның қолданылуы фирманың айналымына, оны да- мыту жоспарына, қарыз салмағына, түсімдер мен шығындардың мерзімдік ауытқуларына тәуелді. Жоспарлауда маңызды қиындықтардың біріне белгісіздіктің болуын мысалға келтіруге болады. Қорлар арқылы қаржыландыру. Қаржыландырудың негізгі тәсілі болып арнайы құрылған қорларды қолдану болып табыла- ды. ¥йым өзінде қор қүрып, соған аударымдарды қор қүрылғанша сала бастайды. Берілген нұсқаның қарапайымдығына қарамастан оның бірне- ше кемшіліктері бар: 1) қордың қажетті көлемі құрылмай жатып алып зиян мөлшері пайда болуы мүмкін 2) қордың қажетті мөлшерін есептеу қиын. Тәуекел салдары күтілген мәндерден жоғары болуы мүмкін. Аталған техникалық қиындықтардан басқа басқару тұрғы- сынан да мәселелер туындауы мүмкін. Кейбір басшылар мұндай қорларды фирма игілігіне «жұмыс істемейтін» қорлар деп қара- стырып, оларды тәуекелді қаржыландырудан басқа мақсатта қол- дануы мүмкін. Тәуекел менеджерлерге мұндай мақсатты қорларды қорғап қалу кейде қиынға соғады. Ал кездейсоқ шығындар орын алған кезде мақсатгы қорымыз не жартылай, не бүтіндей шығын- далған болуы мүмкін. Сонымен, арнайы қорларды қүру арқылы тәуекелді қаржы- ландыру шын мәнінде кеңінен қолданылмайды. Дегенмен соңғы уақытта өзінде тәуекелді үстап қалудың қарқыны өсуге байланы- сты жағдайдың өзгеруі әбден мүмкін. Қарызға алынған қаржылар негізінде қаржыландыру. Жоға- рыда айтылғандай алдағы уақыттағы меншік қаржылар тәуекелді қаржыландыруда сенімді көздер болып табылмайды. Ал арнайы қорлар қүру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, сондықтан кездейсоқ - • 4 «I '■«.4

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==